• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
05 Мамыр, 2015

АҚШ елшісін қабылдады

190 рет
көрсетілді

Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов АҚШ-тың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Джордж Кролды қабылдады, деп хабарлады Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі. Мәжіліс Спикері мейманды елшілік қызметке тағайын­далуымен құттықтай келіп, екі ел арасындағы өзара түсіністік пен саяси үнқатысудың алдағы уақытта одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді. Кездесуге қатысушылар иелері Қазақстанда өт­кен президенттік сайлауға ай­рықша назар аударды. Қабиболла Жақыпов қазақ­стан­дықтардың Нұрсұлтан Назар­баевқа деген шексіз қолдауы мен сайлаушылардың жоғары белсенділігін алға тарта келіп, Қазақстан халқы Елбасының саяси бағытын жалғастыруға, бей­біт­шілік пен тұрақтылыққа дауыс бергенін атап өтті. Елші өз кезегінде қазақстан­дықтарды халықтың шынайы ті­легін жеткізген сайлаудың табыс­ты өтуімен құттықтап, одан әрі Қа­зақ­станның бүгінгі күні таңға­лар­лық жетістіктерге қол жет­кізгенін, Президент жоспарының біз­дің еліміз үшін дамудың жаңа мүмкіндіктерін ашатынын жет­кізді. Тараптар Елбасы бастамашы болған 5 институттық ре­фо­р­маның маңыздылығына тоқ­талды. Мәжіліс Төрағасының атап өт­ке­ніндей, оны кезең-кезең­мен жүзеге асыруды Жаңғырту жө­нін­дегі ұлттық комиссия қолға алады. Қабиболла Жақыпов пен Джордж Крол қос мемлекеттің сауда-экономикалық, мәдени-гу­манитарлық салаларда, технология және инновация бағыттарында, сондай-ақ, парламентаралық ынты­мақтастықты күшейту әлеуе­тінің зор екендігін сөз етіп, қа­зақ­стандық-америкалық қарым-қатынастың стратегиялық сипатына назар аударды. Мәжіліс Спикері елшіні Қ­азақ­станда «Қазақстан-2050» Стра­те­гиясы мен «Нұрлы Жол» аясында жүзеге асырылып жатқан маңызды бағдарламалардан хабардар етті.