• RUB:
    6.03
  • USD:
    518.31
  • EUR:
    567.96
Басты сайтқа өту
Қоғам 01 Сәуір, 2025

Сәуір айында қазақстандықтар 8 күн демалады

83 рет
көрсетілді

Сәуір айында демалыс күндері тек сенбі мен жексенбіге сәйкес келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл айда мемлекеттік мерекелер жоқ, сондықтан 5 күн жұмыс істейтіндер 8 күн демалады, ал 6 күн жұмыс істейтіндер 4 күн демалады.

Сәуір айындағы демалыс күндері: 5, 6, 12, 13, 19, 20, 26 және 27 сәуір.

Сонымен қатар осы айда атап өтуге болатын бірнеше кәсіби мерекелер мен атаулы күндер де бар:

6 сәуір – Геологтар күні (сәуірдің бірінші жексенбісі); 12 сәуір – Ғылыми қызметкерлер күні; 15 сәуір – Ұлттық ғашықтар күні; 21 сәуір – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі күні.