Аймақтар 01 Сәуір, 2025

Шымкенттің қоғамдық орындарында дабыл түймелері орнатылды

100 рет
көрсетілді

Аталған қаланың халық көп шоғырланатын қоғамдық орындарында дабыл түймелер жүйесі орнатылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әр «SOS» батырмасы камера, микрофон, динамикпен жабдықталған, бұл операторға қоңырау шалушыны көруге, естуге және полиция наряды келгенге дейін қажетті нұсқаулықтар беруге мүмкіндік береді.  «SOS» қылмыстың алдын алуды және қауіпсіздікті күшейтуді көздейді, құрылғылар вандализмге төзімді етіп жасалған. Жуырда қала аумағында қосымша 50 құрылғыны орнату жоспарланып отыр.