• RUB:
    6.06
  • USD:
    515.18
  • EUR:
    570.66
Басты сайтқа өту
Білім 01 Сәуір, 2025

Биыл 370 мың бала 1-сыныпқа қабылданады

65 рет
көрсетілді

Бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 2025 жылдың 1 сәуірінен 31 тамызына дейін жалғасады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Жаңа оқу жылында 370 мыңнан астам қазақстандық бала мектеп табалдырығын аттайды. 

Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің ақпараты бойынша, ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес, бірінші сыныпқа 6 жастан бастап ата-аналардың өтініші бойынша қабылданады. Құжаттарды eGov mobile қосымшасы мен электронды үкімет порталы арқылы, сондай-ақ қағаз түрінде — тікелей мектептерде тапсыруға болады.  Ол үшін барлық мектептерде қабылдау комиссиялары жұмыс істейді.

ҚР ЦДИАӨМ «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның мәліметінше, биыл eGov порталында құжат тапсыру рәсімі жеңілдетілген. Енді ата-аналарға медициналық анықтамаларды қолмен жүктеудің қажеті жоқ – «Бала денсаулығы паспорты» мен «Профилактикалық екпе картасындағы» мәліметтер автоматты түрде алынады. Егер медициналық анықтамалар жүйеде болмаса, олардың скан-көшірмелерін жүктеуге болады. Сондай-ақ, өтініштің мәртебесін қарау және оны бір батырмамен кері қайтару мүмкіндігі қарастырылған.

Айта кетейік, өтініштер мереке және демалыс күндерін қоспағанда дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады. Сұраныс жіберілгеннен кейін өтінішті қарау мерзімі 1 жұмыс күнін құрайды.

Соңғы жаңалықтар