Ғалам ғажаптары 02 Сәуір, 2025

Бұйырған кетпейді

38 рет
көрсетілді

Жалпы, Нобель сыйлығы қайтыс болған адамға берілмейді. Бұл – осы мара­паттың мызғымайтын қағи­дасы. Бірақ өмірде ережеге бағын­бай­тын жайттар жетерлік.

2011 жылы физиология және медицина саласы бойынша Нобель сыйлығы Ральф Стайнманға берілді. Бір қызығы, комитет ол кезде ғалымның үш күн бұрын қайтыс болғанын білмеген. Білгеннен кейін де шешімді өзгерткен жоқ, себебі сол уақытта Стайнманның есімі ресми түрде дүйім жұртқа жария­ланып қойған еді. Осылайша, С.Ральф – Нобель сыйлығын қайтыс болғаннан кейін алған жалғыз адам ретінде тарихта қалды.