Дат жазушысы Ганс Христиан Андерсеннің әдеби ертегі, повестерімен даңқы шыққан. Сондықтан ол өзін ақтық сапарға шығарып салуға кішкентай оқырмандар көп жиналатынын анық білген.
Соған байланысты жазушы өмірінің соңында композитормен жолығып, шеру әуенінің ырғағы балалардың қысқа қадамымен сәйкес келетіндей жеңіл әрі баяу болуын өтінеді. Бұл – Андерсеннің өз ертегілерін сүйіп оқыған кішкентай оқырмандарына деген соңғы ілтипаты еді.