Ғалам ғажаптары 02 Сәуір, 2025

Ең төменгі нота

36 рет
көрсетілді

Әлемдегі ең төменгі нотаны амери­калық әнші Тим Стормс алған. Оның дауыстық диапазоны – әлем­дегі ең кең диапазондардың бірі.

Ол 0,189 Гц жиіліктегі нотаны айту арқылы ресми рекорд орнатқан. Бұл — фортепианодағы ең төменгі «соль» нотасынан сегіз октаваға төмен орналасқан дыбыс. Алайда бұл дыбыс адамның есту шегінен тыс жатыр: көпшілігіміз 16 Гц-тен төмен дыбысты ести алмаймыз. Сондықтан Тим Стормстың бұл ерекше нотасы арнайы акустикалық құрылғылармен тіркелген. Оны құлақпен емес, тек аппаратпен өлшеу арқылы анықтауға болады.