Президенттің баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасы туралы хабарлады.
5 мамырда Мемлекет басшысы Еуропалық комиссияның бұрынғы төрағасы Ж.Баррозуды қабылдайды деп жоспарланған.
6 мамырда Ақордада мемлекеттік наградалар тапсыру, сондай-ақ, әскери және арнайы атақтар беру рәсімі өтеді.
Сол күні Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты концерт болады.
7 мамырда Астанада әскери парад өтеді. Мемлекет басшысы И.В.Панфиловтың елордадағы ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысады.
Сонымен қатар, Қазақстанға ресми сапармен келетін Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздер өткізу жоспарланған.
8 мамырда Нұрсұлтан Назарбаев «Отан қорғаушылар» монументіне гүл қою рәсіміне қатысады.
Сол күні Мемлекет басшысы ТМД елдерінің мемлекет басшыларының бейресми кездесуіне, сондай-ақ, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысу үшін Мәскеу қаласына аттанады.
9 мамырда Қазақстан Президенті Мәскеуде Жеңіс күніне арналған мерекелік шараларға қатысады.