Оқиға 02 Сәуір, 2025

Қызылордада жүк пойызы мен автобус соқтығысты

66 рет
көрсетілді

Қызылорда қаласында жүк пойызы мен автобустың соқтығысуы салдарынан жеті адам зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқыс оқиға қала шетіндегі шыны зауытына баратын теміржол тұйығында болған. 

Жедел жәрдем қызметінің мәліметінше, төрт адам медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді, ал үш жолаушы ауруханаға жатқызылған.

Құқық қорғау органдары аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғаған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.