• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
05 Мамыр, 2015

Бізді биіктететін бағдарлама

187 рет
көрсетілді

Күлия АЙДАРБЕКОВА, облыстық мәдениет басқармасының басшысы. Елбасы Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия құру қажеттігін 29 сәуір күні Пре­­зидентті ұлықтау рәсімінде жария ет­кен болатын. Өйткені, қазіргі заман ағы­мы, күнде сапырылып жатқан уақыт, дағда­рыс­тың жаңа толқындары бейжай отыр­ған­­ның несібесін жеп кетеді. Расында, солай. Нұрсұлтан Әбішұлы «Мен реформаларды жүзеге асыру үшін өзімнің бар­лық ерік-жігерімді, шешімділігімді көрсетіп, мемлекеттік аппаратты қоғам­ның күш-жігерін реформаларды орындауға жұмыл­дыру ниетіндемін. Аса таяу уақытта ел Президенті жанынан Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия құрылатын болады. Оның миссиясы – 5 реформаны кезең-кезеңімен жүзеге асыруды басқару және мемлекеттік органдардың, бизнес-сектор мен азаматтық қоғамның іс-қимылын үйлестіру. Ұлттық комиссия жанында құрамында беделді шетелдік және қазақстандық сарапшылар бар Халықаралық консультативтік кеңес жұмыс істейтін болады. Бұл ең үздік халықаралық тәжірибені пайдалануға жағдай жасайды. Комиссияның бірінші отырысында мен 5 реформа бойынша біздің не істегелі жатқанымызды түсіндіретін «Мемлекеттік құрылыстың одан арғы 100 нақты қадамы» атты Ұлт жоспарын ұсынамын. «100 қадам» – бұл біздің жаһандық және ішкі сын-қатерлерге, сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда 30 дамыған мемлекеттің қатарына ену жөніндегі жоспарымыз. Реформаларды жүзеге асыру – алда тұрған 10-15 жылға бірін­ші кезекті жалпыұлттық міндет», – деген еді. Мемлекет басшысының бастамасымен «Қазақстан-2050» Стратегиясы, «Нұрлы Жол», 5 халықтық реформа, «Мәңгілік Ел» және жаңа индустрияландыру бағдарламасы қабылданып, халық оның жақсы жемісін көре бастады. Аталған ұзақ мерзімді бағдарламалардың арқасында Үкіметіміздің алдағы істейтін жұмыстары сараланды. Бүгінде әлемдік экономикада көш ­бастап отырған Қытай Халық Респуб­ли­касы да бір кезде орындалмайтындай көрінген ұзақ мерзімді ұлттық бағдар­ламалармен еңсесін көтеріп алды. Ел­басының Жаңғырту жөніндегі ұлт­тық комиссия құруының арқасында мемле­кетіміздің келешегі кемелдене түсетіндігі күмән тудырмайды. Оңтүстік Қазақстан облысы.