• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
29 Маусым, 2010

Қазақстанға қызмет етемін!

589 рет
көрсетілді

ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ жауынгерлік жауапты міндет Гвардейскіде қорғаныс ведомствосының басшысы Әділбек Жақсыбековтің төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің көшпелі алқа отырысы болып өтті. Алқа отырысында бірінші жар­ты­жыл­дықтағы жауынгерлік әзірліктің қорытындысы және әскерлердегі жауынгерлік да­йын­дықтың сапасын арттыру мәселесі қаралды. Қазақстан Армиясы қару-жарағы мен әскери техникасының даму тұжырымдамасы, сонымен бірге Қазақстан Респу­бли­касы Қа­рулы Күштері басшы құ­ра­мы­ның әскери тәртіп пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі жұмысы талқыланды. – Қарулы Күштердің басты мін­деттерінің бірі қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге жауап бере алатын әс­кер­лердің жауынгерлік және жедел әзір­лігі көрсеткіштерінің са­па­сын көтеру, кәсіби әскери бас­қару корпусын құру болып табы­ла­ды, – деп атап көрсетті алқа оты­ры­сында Қорғаныс министрі Әділ­бек Жақсыбеков. – Бұл ел През­и­денті – Қазақ­­стан Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбас­шы­сының Қарулы Күштердің жауынгерлік әзірлігі мен бәсекеге қабілеттілігін арт­тыру талабын алға қояды. Жауынгерлік әзірлік Қарулы Күштердің техни­ка­лық жарақ­тан­ды­ры­луы­мен тікелей байланысты екендігі белгілі. Осы мақ­сатта Қорғаныс минис­тр­лі­гін­де қару-жарақ пен әскери техниканы да­мы­тудың Тұжы­рымдамасы жасалуда. Ел Қарулы Күштерінің Жо­ғар­ғы Бас қолбасшысы сонымен бірге резервтегілердің де сапалы да­йын­дығына зор мән береді. Мемл­е­ке­тіміздің тәуелсіздігі мен тұтастығын қорғау және басқа да мін­дет­терді толық­қан­ды жүзеге асыру жеке құ­рамның дайын­ды­ғына және армия­ның за­ма­науи қару-жарақпен қам­та­масыз еті­л­уі­не де байла­ныс­ты. Қалыптасқан дәстүр бо­йын­ша, биылғы жы­лы Конс­ти­туцияның 15 жыл­­дығына әскери шеру өткізіліп, Қа­зақстан армиясының жауын­герлік қуаты көрсетілмек. Алқа отырысында атап өтіл­гендей, жалпы Қарулы Күш­терде Отанымыздың қауіпсіздігін қам­тамасыз етуге байланысты жос­парлы жұмыстар жүргізілуде. Өткен жылы Қорғаныс минис­тр­лігінің құрылымында Әскери-техникалық саясат департаменті дүниеге келді. Бұл шешім уақыт талабына сай жүзеге асырылды, департаменттің қызметі қазірдің өзінде жемісін беруде. Депар­та­менттің баста­масымен “KADEX–2010” бірінші халық­аралық қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесі ұйымдастырылды. Қазіргі таңда әскери-техни­ка­лық саясат тұжырымдамасы әзір­лену үстінде, бұл салада халық­аралық байланыстар кеңеюде. – Жеткен жетістіктермен шектеліп тоқтап қалуға негіз жоқ, әлі атқарылатын істер жеткілікті, отандық қорғаныс кәсіп­ор­ын­дарымен байланысты кеңейтіп, нығайта түскен жөн. Бұған рес­пуб­лика Үкіметінің шешімімен Қор­ғаныс министр­лі­гі­нің құрамына енген “Ка­зин­жи­ни­ринг” ҰК АҚ пен “Каз­вз­рыв­пром” АҚ мүмкіндік туғызады деп атап өтті, –қорғаныс ведом­ствосының басшысы.– Сон­дай-ақ мемлекеттік қорғаныс тапсы­рысының сапалы орындалуы үшін бірлесіп жұмыс істеу қажет. Осыған орай әскери алқа қарсаңында Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков қорғаныс өнеркәсібі басшыларымен кездесіп, кеңес өткізген болатын. Кеңесті өткізудің басты себебі әскери мақсаттағы өнім­дер­ді өндіретін отандық кәсі­п­ор­ын­дарды көптеп тарта отырып, қару-жарақ пен әскери тех­ни­каны дамыту, технологиялық же­тіл­діру мәселе­ле­рінің негізгі бағыттарын талқылау. Сондай-ақ, министр ғылыми және жоғары технологиялық өн­діріс орындарын құру, әскери мақ­саттағы жаңа өнімдер өндіретін қор­ғаныс кәсіпорындарын дамыту жо­лымен әскеріміздің қорғаныс қа­білетін жетілдіре түсетінін атап өтті. – Біз бірлескен әскери-техникалық саясат жүргізу арқылы мемлекетіміздің қауіпсіздігін қам­та­ма­сыз ету үшін қару-жарақ пен әскери техника сұранысын анықтай аламыз, – деп атап өтті Қорғаныс министрі. – Осы саясаттың әскерлер мен әскери құралымдарға тиім­ді­лігінен Қарулы Күштердің жауын­герлік әзір­лігі мен жауынгерлік қабілетін анықтауға болады. Әскери алқа отырысында со­нымен қатар әскери тәртіп мәселесі де кеңінен талқыланды. Қарулы Күштерде жүргізілген әскери және құқықтық тәртіп сарап­тамасы көрсеткендей, соңғы уақытта бұл мәселеде ілгерілеушілік басым. Қорғаныс министрі әскери тәртіпті жетілдіру жұмыстары бойын­ша жауапты тұлғаларға нақты тапсыр­ма­лар қойды. Оның ішінде тәрбиеші офицерлерге бөлімдер мен бөлім­ше­лерде “көш­басшылық қозғалыстар” жүйесін енгізу қажеттігі де айтылды. Қорғаныс ведомствосының бас­шы­сы 2010 жылдың екінші жар­ты­сына тапсырмалар берді. Оның іш­ін­де әскерлер мен басқару орган­да­ры­ның жауынгерлік деңгейін арттыру бар. Алқа отырысында үстіміздегі жылғы қыркүйек айында ШЫҰ шеңберінде өтетін “Бейбіт миссия” атты террорға қарсы жаттығуларын өткізу мәселесі де талқыланды. Алқа отырысынан соң министр Гарнизондық офицерлер үйінде Қазақстан Қарулы Күштерінің басшылық құрамымен жеке қалып, осы жаттығуға дайындық барысына қатысты алқалы кеңес өткізді. Онда ұйымдастыру жұмыстары, әскер­лерді, Оқу орталығының ны­сандары мен инфрақұрылымын да­йындау, гар­низонның оқу-ма­териалдық ба­засы мәселелері кеңінен қарастырылды. Жүніс ОМАР, полковник.