Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха көлік жүргізу құқығынан айырылған қазақстандықтар мопед немесе тағы басқа көлік техникаларын тізгіндей алмайтынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның айтуынша, мопед көлік түрі болғандықтан, оларды жүргізу үшін де жүргізуші куәлігі қажет.
«Куәлігінен айырылған адамдар куәлікті қайта ала алмайды. Біз бұл процесті бақылап отырмыз: жүргізуші куәлігінен айырылғандарға қызмет көрсетілмейді», деді И.Лепеха Мәжіліс алаңында журналистердің сұрақтарына жауап беріп.
Бұған дейін Ішкі істер министрлігі мопедтерді тіркеудің жаңа шарттарын жариялаған болатын.