• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
05 Мамыр, 2015

Ұлттық деңгейге көтерілгеніне ризамыз

243 рет
көрсетілді

Қуаныш МҰХАНЖАРОВ, Атбасар электровоз жөндеу зауытының бас инженері. Елбасы Н.Назарбаев өзінің лауазымына қайта кірісетіндігіне бүкіл еліміз сенім­ді болды. Өйткені, Тәуелсіз Қазақстан­ның болашағын Тұңғыш Президентімізсіз елестету мүмкін емес. Біз болашақтың еліміз. Ұлықтау рәсімінде, Мемлекет басшысының ең алдымен осы мәселелер­­­ді алғышарт етіп алуының өзі ертеңгі күніміздің жарқындығын, әрине, алдымызда көп жұмыс, сын-қатерлер тұрғандығын ашып айтуының өзі елге жанашырлықтың үлкен белгісі деп түсінемін. Ұлттық комиссия туралы ұсыныс пісіп-жетілген дүние еді. Бақылаусыз дүние босқа аққан бұлақ, яғни бүкіл арман-тілектердің бұлыңғырлығына алып келеді. Біздің әлемдегі озық 30 елдің сапында болуымыз – Қазақстан Респуб­ликасының абыройы. Бұл қадам­нан қайтуға болмайды. Оған жету халық­тың ішкі сеніміне, айқын ұмтылысына байланысты. Әрине, заман ырғағына қарағанда оған жету оңай шаруа емес. Бірақ, Елбасы бастамаларының әрқашан жемісті болуы, қайтарымының әлем назарына шалынуы қазақстандық жігер­ді қайрай түсетініне сенімдімін. Мұны біздің құрылғанына 75 жылға аяқ басқан 2 мыңдық ұжымымыз жақсы түсінеді. Нұрсұлтан Әбішұлы Үкімет алдына бағдарламалық күрделі тапсырмалар беруі қазіргі қалыптасқан күрделі жағдайды аңғартып қана қоймай, ісіміздің нақтылығын көздейді. Бұл орайда мен Елбасының экспортты әртараптандыру үшін қажетті маңызды бағыт ретінде көлік маршруттарын дамытуды атағанын құптаймын. Кө­лік инфрақұрылымы мен логисти­касы экономиканың күретамыры болғандықтан, біздің ұжым елімізде қалыптасқан ырғақты төмендетпеуге тырысады. Зауыт теміржол локомотивтерін жөндеу, техникалық қызмет көрсету арқылы олардың пайдалану мерзімін 20 жылға ұзартуды игеріп отыр. Қазақ­стан­дық үлесті ұлғайту мақсатында 2000-нан астам қосалқы бөлшектер мен жаб­дықтарды өзіміз өндіруді игердік. Биылғы төрт айда 30 локомотивті бас­тан-аяқ қайта жөндеп шықтық. Ал, локо­мотив жабдықтары мен тетіктерін, доң­ғалақ жұптарын жөндеуде жоспарлы меже­ден озық болдық. Кәсіпорын «СТ РК ИСО 9001-2001» және «СТ-КZ» сапа менед­­­­жменті сертификатымен жұмыс істейді. Президент қолға алынған шаралардың барлығы тәуелсіз еліміздің гүлденіп, қуаттануына бағытталғандығын шегелеп айтты. Сондықтан, біздің көпұлтты ұжымымыз екпінді еңбегі арқылы ертеңімізді еңселендіруге лайықты үлес қосатынына сенімдімін. Ақмола облысы, Атбасар ауданы.