• RUB:
    5.97
  • USD:
    504.34
  • EUR:
    556.34
Басты сайтқа өту
Оқиға 02 Сәуір, 2025

Қарағандыда университет жатақханасы отқа оранды

61 рет
көрсетілді

Қарағанды қаласындағы Е.А. Бөкетов атындағы университеттің жатақханасында өрт болып, 10 студент ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт бірінші қабаттағы қоқыс құбырынан шыққан. Жалын 1,5 шаршы метр аумаққа тараған. Құтқарушылар баспалдақ арқылы төрт адамды эвакуациялаған. Өрт 19 минут ішінде толық сөндірілді.

Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, зардап шеккен 10 студент ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер олардың жағдайын тұрақты деп бағалап отыр. Қазіргі уақытта қосымша тексерулер жүргізіліп, кейін науқастар үй жағдайында ем қабылдайды.

Төтенше жағдайдың себебі анықталып жатыр.