Спорт 03 Сәуір, 2025

Қазақстанда теннистен Virtus Әлем чемпионаты өтеді

92 рет
көрсетілді

Биылғы 3-11-мамыр аралығында Астана қаласындағы «Дәулет» теннис орталығының корттарында, тарихта алғаш рет теннистен интеллектуалдық ерекшеліктері бар спортшылар арасында халықаралық жарыс — Virtus Әлем чемпионаты өтеді, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл шара тек Қазақстанда емес, Орталық Азияда тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр.

Біріншілікке 8 мемлекеттің ең мықты теннисшілері қатысады. Олар:

Бельгия Аустралия Польша Ұлыбритания Италия Индия Франция Қазақстан

Жарыстар  жеке, жұптық және командалық разрядтарда өтеді.