Бокс 04 Сәуір, 2025

Қазақ боксшысы қола жүлде еншіледі

52 рет
көрсетілді

Фос-ду-Игуасуда (Бразилия) өтіп жатқан әлем кубогі кезеңінде Қазақстан боксшысы Даниял Сапарбай қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

90 келіден жоғары салмақта жұдырықтасқан Даниял Сапарбай жартылай финалда өзбек боксшысы Жахонгир Зокировқа (0:5) жол берді. Нәтижесінде үшінші орын алып, қола жүлде еншіледі.

Сондай-ақ бүгін 4 сәуірде Нұрсұлтан Алтынбек, Диас Молжігітов, Дәулет Төлемісов, Жазира Орақбаева, Ұлжан Сәрсенбек финалға шығу үшін бақ сынайды.