Оқиға 04 Сәуір, 2025

Үш қаладан заңсыз мал сою цехтары табылған

215 рет
көрсетілді

Наурыз айының 11-31 күндері аралығында республикалық кең ауқымды «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп, мал тасымалдаған автокөліктер, сатып алу орындары, шаруа қожалықтары тексерілген, деп жазады Egemen.kz.

«Астана, Алматы, Шымкент қалаларында 13 заңсыз мал сою цехтары анықталып, мал ұрлығына 131 адамның қатыстылығы анықталды. Сонымен қатар 26 қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойылды. Жалпы мал ұрлығының 135 дерегі ашылып, 580-нен астам жануар иелеріне қайтарылды», деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

Polisia.kz сайтының хабарлауынша, Алматы облысында мал ұрыларының екі тобы ұсталған. Олардың бірі жергілікті тұрғындардан 16 ірі қара малды ұрлап, 11 қылмыс жасаған. Ал екінші қылмыстық топ 9 ұрлық жасап, 103 бас ұсақ малды қолды еткен. Сонымен қатар Жамбыл облысында жергілікті тұрғындардан 28 жылқыны ұрлап әкеткен үш адамнан құралған топ ұсталған.

Уақтылы қабылданған шаралар нәтижесінде биыл мал ұрлығы 26%-ға пайызға азайған.