• RUB:
    6.06
  • USD:
    515.18
  • EUR:
    570.66
Басты сайтқа өту
Үкімет 05 Сәуір, 2025

Авиаотын нарығы жөніндегі кеңес өтті

143 рет
көрсетілді

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының авиаотын нарығын дамытуға қатысты тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төр­ағасы Марат Омаров авиаотынға баға белгілеу тетігін жетілдіру: атап айт­қанда, авиаотынды көтер­­ме және бөлшек сауда, оның ішінде әуежай­лар арқы­лы өткізу тәсілдерін ұсынды.

Импортты алмастыруға назар аударылды. Бүгінде «ҚазМұнайГаз» ҰК» тобы­ның өндірісі отандық әуе ком­паниялары мен мемлекет­тік авиацияның авиаотын­ға деген қажеттілігін қамта­ма­­сыз етіп отыр. «Қаз­­Мұ­най­Газ» ҰК деректеріне ­сү­йенсек, 2031 жылға қарай «ПетроҚазақстан Ойл Про­дактс» ЖШС-ны кеңейту нә­ти­жесінде авиаотын өндіру көлемі 1,5 млн тоннаға дейін артады.

Сонымен қатар әуежай­ларды қаржыландыру құ­ры­лымын өзгерту келе­шегі талқыланды. Инф­ра­құрылымға қол жеткізу­дің сервистік моделін енгізу олар­дың авиаотыннан бақы­лау­ға алынбаған табыс­­тар­ға тәуел­ділігін төмен­дете­ді, сондай-ақ әуежай қыз­мет­тері саласының дамуына сер­пін береді. Осы бағытта әуежай инфрақұрылымын жаңғыртуды ынталандыру үшін келісілген инвес­ти­ция­­лық жобалары бар әуе­жай­ларға біржолғы кейін­ге қалды­руды ұсына отырып, Прези­денттің «Экономика­ны ырықтандыру жөніндегі шаралары туралы» Жарлығын орындау шеңберінде әзір­ленген Негізгі қуатқа қол жеткізу қағидаларын іске асыру мүмкіндігі қаралды.

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, Көлік ми­нистрі Марат Қарабаев, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқар­ма төрағасының орын­ба­сары Әсет Мағауовтың және басқа да өкілдердің ұсы­­ныс­тары тыңдалды. Кеңес қо­ры­тындысында Премьер-министр бірқатар тапсырма берді.

Соңғы жаңалықтар