Атырау облысының полициясы 31 жастағы әйелге қатысты қылмыстық іс қозғады. Күдікті алаяқтық жолмен 30 қылмыс жасаған.

Жергілікті полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті тұрғындарды несиені қолма-қол алып беруге уәде еткен.
«Атырау облысының 31 жастағы тұрғыны онлайн-банкинг арқылы тұрғындарға несие қаражатын қолма-қол алып беретінін айтып, алаяқтық қылмыс жасаған. Күдікті осындай жолмен 30 қылмыс жасап, тұрғындарға 80 млн теңгеге жуық шығын келтірген. Қазір күдіктіге қатысты алаяқтық дерегімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.