«Қызылорда–Павлодар» автожолында болған жол-көлік оқиғасы қайғылы жағдаймен аяқталды. CHEVROLET COBALT маркалы автокөлік жүргізушісі алдын ала мәлімет бойынша көлік руліне ие бола алмай, жол жиегіне аударылған.
- Оқиға «Қызылорда–Павлодар» автожолында 1153-ші шақырымында болған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жолаушылардың бірі оқиға орнында, алған жарақаттарынан көз жұмды. Тағы төрт жолаушы әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Оқиғаның нақты мән-жайлары мен себептері тергеу барысында анықталатын болады,-деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Полицейлер жол қозғалысына қатысушыларды жол жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Павлодар облысы