Әлем 07 Сәуір, 2025

Билл Экман баж салығын кейінге қалдыруды ұсынды

95 рет
көрсетілді

Америкалық миллиардер әрі инвестор Билл Экман АҚШ үкіметін жаңа баж салығын енгізу жоспарын үш жылға кейінге шегеруге шақырды. Бұл туралы ол Х әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Экманның пікірінше, аталған бастама елді халықаралық экономикалық дағдарысқа ұрындырып, АҚШ-тың жаһандық беделіне нұқсан келтіруі мүмкін. Ол бұл саясатты «экономикалық ядролық соғыс» деп атап, бизнеске инвестициялар тоқтап, тұтынушылар шығындарын азайта бастайтынын ескертті.

«Бизнес – сенім ойыны. Президент бүкіләлемдегі бизнес көшбасшыларының сенімін жоғалтады. Президентті қолдаған біздің еліміз бен миллиондаған азаматтарымыз үшін, атап айтқанда, үлкен экономикалық күйзеліске ұшыраған табысы төмен тұтынушылар үшін салдары өте жағымсыз болады. Бұл біз дауыс берген нәрсе емес», деп жазды Билл Экман.

Оның айтуынша, тек ірі корпорациялар ғана емес, ең алдымен орта және шағын кәсіп иелері қиындықтарға тап болады. Себебі күрт өсетін шығындарға ешкім бір түнде бейімделе алмайды.

Айта кетейік, Билл Экман 2024 жылғы президент сайлауында Дональд Трампты қолдаған еді.