Медицина 07 Сәуір, 2025

Отандық санавиация Сеулге аттанды

137 рет
көрсетілді

Бүгін дәрігер мен фельдшерден тұратын Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының мобилдік медициналық авиация бригадасы «Аlaman Air» әуекомпаниясының алғашқы жаңа Bombardier Challenger CL-600-2B19 ұшағымен пациентке Оңтүстік Кореяға ұшып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңа турбореактивті мамандандырылған ұшақ ауыр жағдайдағы пациенттерді алып жүруге арналған екі медициналық модулмен жабдықталған. Сеулде емделіп жатқан жүрегінде ақауы бар сәби осы   санавиациямен елге жеткізіледі.

 

Бұл рейс қауіпсіздік пен жайлылықтың жоғары деңгейін қамтамасыз ететін ең жаңа әуе кемесін пайдалану арқылы адамдардың өмірін сақтаудағы маңызды қадам болды.

Туа біткен жүрек кемістігі диагнозы қойылған 4 жасар бала Ұлттық педиатрия және балалар хирургиясы орталығында (Алматы) одан әрі емделуі тиіс.