• RUB:
    6.13
  • USD:
    514.94
  • EUR:
    583.74
Басты сайтқа өту
Қылмыс 08 Сәуір, 2025

Әуежай қызметкерін кепілге алған адам сотта өз әрекетін түсіндірді

45 рет
көрсетілді

Алматыда әуежай қызметкерін кепілге алған Машрапбек Баратов сотта не себепті мұндай қадамға барғанын түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Айтуынша, бәріне жоқшылық себеп болған көрінеді. Түнгі клубта күзетші болып жұмыс істеген ол үш ай бойы жалақы алмаған, сөйтіп үйінен жұмыс іздеп шықса керек. Өзге қалаға ұшып кетпек болғанда Ботагөз Мұхтарованың тоқтатуы оның ашуына тиіпті. Дегенмен «әуежайды жарып жіберу ойымда болған жоқ» дейді зейнеткер.

«Іштей күйзеліп жүрдім, бірақ ешкімге айта алмадым. Үш ай қатарынан қаржыдан қиналдым. Әуежайда ұшақтың Астанаға ұшатыны туралы хабарландыруды естідім. Ойыма не келгенін білмеймін, әрі қарай өтіп кетемін деп ойладым. Қалтамда тек 7 мың теңге болды. Тексеру аймағына еш кедергісіз жеттім. Кейін қызметкер ары қарай өтуіме жол бермеді. Бұл жағдай мені қатты ашуландырды», - дейді Машрапбек Баратов.

Айта кетері, Машрапбек Баратовқа үш бап бойынша айып тағылған. Кепілге алу, қару қолдана отырып бұзақылық жасау және терроризм туралы жалған хабар беру баптары бойынша жауапқа тартылды.

Еске салайық, өткен айда ер адам Алматы әуежайында қызметкер қызды кепілге алып, оған пышақ кезеген болатын. Ал Мұса Әбдірайым есімді азамат қызды құтқарып кепілге өзін ұсынады. Кейін қаскөйді сөзге айналдырып, қолындағы пышағын тартып алған болатын.