Аймақтар 08 Сәуір, 2025

Оралдық директор сотқа тартылды

76 рет
көрсетілді

«Орал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өмірлік қиын жағдайға қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталығы» КММ-нің директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл жөнінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады. Агенттіктің Батыс Қазақстан облысындағы қызметі жақында «Орал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өмірлік қиын жағдайға қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталығы» КММ-нің директорына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтаған.

Ол электр жабдықтарын кезекті жөндеу жұмысы бойынша жалған актілерге қол қойып, еңбек қызметін іс жүзінде орындамаған адамдарға жалақы есептеу арқылы 2024 жылғы ақпан мен желтоқсан аралығында жалпы сомасы 11,5 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталып отыр.

Қазір айыпталушы сотқа тартылған.