2014 жылғы 27 қараша, Астана қаласы
Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы
«Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 29) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидасы бекiтiлсiн.
2. «Спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бірлестіктерді аккредиттеу өткізуге және аккредиттеу туралы куәлікті беруге арналған өтініштің нысанын және аккредиттеу туралы куәліктің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі міндетін атқарушының 2011 жылғы 29 қарашадағы № 02-02-18/222 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 7349 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б. Қанағатов) заңнамамен белгiленген тәртiпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн осы бұйрықтың мерзімді баспа басылымдарында, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялануын;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігiнiң интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Т.Қ. Есентаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А.МҰХАМЕДИҰЛЫ
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің
2014 жылғы 27 қарашадағы №121 бұйрығымен бекітілген
Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидалары (бұдан әрi - Қағида) спорт федерацияларын аккредиттеуден өткізу тәртібін айқындайды.
2. Спорт федерациясы – спорттың бір немесе бірнеше түрін дамыту мақсатында қоғамдық бірлестік нысанында немесе қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым.
3. Спорт федерациясын аккредиттеу Қазақстан Республикасының аумағында спорт түрін (түрлерін) дамыту бойынша спорт федерацияларының заңдылығын тану рәсімі.
4. Республикалық және өңірлік спорт федерацияларын аккредиттеуді дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.
5. Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеуді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың дене шынықтыру және спорт саласындағы тиісті жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі - жергілікті атқарушы орган) жүзеге асырады.
6. Қазақстан Республикасының аумағында спорт түрінен (түрлерінен) тиісті аккредиттелген республикалық немесе өңірлік спорт федерациясы жоқ спорт түрінен (түрлерінен) республикалық немесе өңірлік спорт федерация аккредиттеуге жатады.
7. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімшілік-аумақтық бірлігінде тиісті аккредиттелген жергілікті спорт федерациясы жоқ спорт түрінен (түрлерінен) жергілікті спорт федерация аккредиттеуге жатады.
8. Спорт түрінен (түрлерінен) республикалық спорт федерацияларының Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан астам аумағында орналасқан филиалдары және (немесе) қоғамдық бірлестік нысанындағы немесе заңды тұлғалар бірлестігі нысанындағы қауымдастық (одақ) нысанындағы мүшелері болады.
9. Спорт түрінен (түрлерінен) өңірлік спорт федерацияларының Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан аз аумағында орналасқан филиалдары және (немесе) қоғамдық бірлестік нысанындағы немесе заңды тұлғалар бірлестігі нысанындағы қауымдастық (одақ) нысанындағы мүшелері болады.
10. Спорт түрінен (түрлерінен) жергілікті спорт федерациялары бір облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімшілік-аумақтық бірлігінде жұмыс істейді.
11. Спорт федерацияларында келесі басқару органдары құрылады:
1) жоғары басқару органы;
2) басқарудың атқарушы органы;
3) тексеру органы.
Спорт федерациясының құрылтай құжаттарына сәйкес басқа да басқару органдары құрылуы мүмкін.
12. Спорт федерациясының жоғары басқару органы спорт федерациясының басқару органдарының құзретiн, ұйымдық құрылымын, оларды құру және өкiлеттiктерiн тоқтату тәртiбiн, атқарушы органдардың қаржы есептемесiн табыс етуiнiң тәртiбi мен мерзiмдiлiгiн, сондай-ақ бақылау органының тексеру жүргiзу тәртiбiн және олардың нәтижелерiн бекiтудi айқындайды.
Жоғары басқару органының құзыретiне спорт федерациясының құрылтай құжаттары және заңнамалық актілерге сәйкес осы спорт федерациясы қызметiнiң басқа да мәселелерi жатқызылуы мүмкiн.
2. Спорт федерацияларын аккредиттеуден өткізу тәртібі
13. Аккредиттеуден өту үшін республикалық және өңірлік спорт федерациялары уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеуден өткізу туралы өтініш;
2) басқарушы органның жеке құрамы туралы мәлімет;
3) Қазақстан Республикасында спорт федерациясын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
4) спорт федерациясы (өкілдіктерінің) филиалдарын есепке алып тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
5) спорт федерациясы жарғысының нотариалды куәландырылған көшірмесі;
6) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамалары және республикалық спорт федерациясының мүшесі болып табылатын Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан астам аумағында орналасқан осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу туралы куәліктің көшірмелері (бұдан әрі - куәлік) – республикалық спорт федерациясы үшін;
7) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамалары және өңірлік спорт федерациясының мүшесі болып табылатын Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан аз аумағында орналасқан жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу туралы куәліктің көшірмелері – өңірлік спорт федерациясы үшін;
8) Халықаралық олимпиада комитеті, Азия олимпиадалық кеңесі немесе «Спорт-Аккорд» халықаралық конвенті таныған халықаралық спорт ұйымдарына мүшелігін растайтын құжаттың көшірмесі – олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша спорт федерациялары үшін;
9) халықаралық спорт ұйымына мүшелігін және Ұлттық олимпиада комитетінің танығандығы туралы құжаттың көшірмесі – ұлттық спорт түрлері бойынша республикалық және өңірлік спорт федерациялары үшін;
10) спорт түрі (түрлері) бойынша кешенді нысаналы бағдарламасы;
11) спорт түрінен (түрлерінен) жарыс қағидаларының жобасы.
14. Аккредиттеуден өту үшін жергілікті спорт федерациялары жергілікті атқарушы органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеуден өткізу туралы өтініш;
2) басқарушы органның жеке құрамы туралы мәлімет;
3) Қазақстан Республикасында спорт федерациясын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
4) спорт федерациясы жарғысының нотариалды куәландырылған көшірмесі;
5) спорт түрі (түрлері) бойынша кешенді нысаналы бағдарламасы;
6) спорт түрінен жарыс қағидаларының жобасы.
15. Спорт түрі (түрлері) бойынша кешенді нысаналы бағдарлама:
спорт түрін (түрлерін) ағымдағы жай – күйін және дамуын талдауды, соның ішінде дене шынықтыру-спорт ұйымдарын құруды және дамытуды;
халықтың әртүрлі топтары арасында өткізілген және жоспарланған спорттық іс-шаралар бойынша анықтаманы;
спортшылардың және спорттық жарыстарға және оқу-жаттығу іс-шараларына қатысатын басқа да тұлғалардың денсаулығын қорғауды және денсаулығын нығайту жағдайларын;
спортшыларды, жаттықтырушыларды және дене шынықтыру және спорт саласының мамандарын қажетті жағдайлармен қамтамасыз етуді;
спорт федерациясы қызметін қаржыландыру көздерін қамтиды.
Спорт түрі (түрлері) бойынша кешенді нысаналы бағдарлама спорт федерациясының шешіміне сәйкес басқа да ережелерді қамтуы мүмкін.
Спорт түрі (түрлері) бойынша кешенді нысаналы бағдарлама басқарудың атқарушы органымен әзірленеді және спорт федерациясының жоғары басқару органымен бекітіледі.
16. Спорт федерациясының жарғысы спорт федерациясы мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін, соның ішінде спорт федерациясының басқару органдары қабылдайтын шешімдерді орындау міндетін және қаржы көздерін бөлу тәртібін көздейді.
Спорт федерациясының жарғысы Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да ережелерді қамтиды.
Уәкілетті орган республикалық немесе өңірлік спорт федерациясының мәртебесін растау үшін тіркеуші органнан ақпаратқа сұрау салады.
17. Уәкiлеттi және жергілікті атқарушы органдардың құжаттарды қарастыру мерзiмi осы Қағиданың 13, 14 - тармақтарында көрсетілген құжаттар қабылданған күннен бастап күнтізбелік он бес күнді құрайды.
18. Құжаттарды қарау үшін уәкiлеттi органда немесе жергілікті атқарушы органда құрамы кемінде бес адамнан тұратын тұрақты жұмыс істейтін комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылады. Комиссия отырысы Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының 2/3-ci жиналған жағдайда өткiзiледi.
19. Комиссия құжаттарды қарастырады және қарастыру нәтижесі бойынша уәкілетті органға немесе жергілікті атқарушы органға:
1) спорт федерациясын аккредиттеу;
2) осы Қағиданың 23-тармағында көрсетілген негіздемелер бойынша спорт федерациясын аккредиттеуден бас тарту туралы ұсыным білдіреді.
20. Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді. Комиссия отырысының хаттамасы Комиссияның мүшесі болып табылмайтын, Комиссия хатшысымен жүргізіледі.
21. Комиссия аккредиттеу туралы шешім қабылдаған жағдайда уәкілетті орган бұйрық немесе жергілікті атқарушы орган қаулы шығарады.
22. Уәкілетті органның бұйрығы немесе жергілікті атқарушы органның қаулысы негізінде куәлік беріледі.
23. Аккредиттеуден бас тартуға мыналар негіздеме болып табылады:
1) осы Қағиданың 13, 14 - тармақтарында көрсетілген құжаттарды ұсынбау;
2) спорт федерациясы ұсынған құжаттарда жалған немесе бұрмалаған ақпараттың болуы;
3) сол спорт түрін (түрлерін) дамытуды жүзеге асыратын аккредиттелген спорт федерациясының болуы;
4) спорт федерациясы республикалық немесе өнірлік мәртебесін растамаса;
5) спорт федерациясының және (немесе) оның филиалдарының әрекетсіздігі (мәліметке уәкілетті немесе жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетінен және оның аумақтық органдарынан тиісінше мәліметтерге сұрау салады).
24. Комиссия аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда соңғысына аккредиттеуден дәлелді бас тартуды жолдайды.
25. Уәкілетті және жергілікті атқарушы огандар берілген куәліктерді тіркеуді жүргізеді.
26. Куәлiк жоғалған жағдайда, спорт федерациясы бұл туралы куәлікті берген уәкiлеттi немесе жергілікті атқарушы органға хабарлайды және куәлiктiң телнұсқасын беру туралы осы Қағидағаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
Куәліктің телнұсқасын беру уәкiлеттi немесе жергілікті атқарушы органдарға куәліктің телнұсқасын беру туралы өтiнiш келіп түскен күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде жүзеге асырылады.
27. Спорт федерациясының атауы және (немесе) оның заңды мекенжайы өзгерген жағдайда, спорт федерациясы бұл туралы куәлік берген уәкiлеттi немесе жергілікті атқарушы органға хабарлайды және куәлiктi қайта ресімдеу туралы осы Қағидағаға 3-қосымшаға сәйкес нысанда өтініш береді.
Қайта ресімделген куәлікті беру уәкiлеттi немесе жергілікті атқарушы органдарға куәлікті қайта ресімдеу туралы өтiнiш келіп түскен күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде жүзеге асырылады.
3. Спорт федерацияларын аккредиттеу туралы куәлікті тоқтату,
қайта жаңарту және қайтарып алу тәртібі
28. Аккредиттелген жергілікті спорт федерациясы қайта құрылған, жойылған немесе аккредиттелген республикалық немесе өңірлік спорт федерациясы мүшелерінің саны азайған жағдайда, аталған спорт федерациясы күнтізбелік он бес күн ішінде уәкілетті органды немесе жергілікті атқарушы органды ескертеді.
29. Куәлікті тоқтатуға мыналар негіздеме болып табылады:
1) аккредиттелген спорт федерациясы «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабында және «Қоғамдық бірлестіктер туралы» 1996 жылғы 31 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабында белгіленген міндеттерді орындамауы (мәліметке әділет органдарынан сұрау салынады);
2) спорт (түрі) түрлері бойынша кешенді нысаналы бағдарламада қарастырылған іс-шаралар орындалмауы;
3) спорт федерациясы республикалық немесе өнірлік мәртебесін растамаса;
4) спорт федерациясының және (немесе) оның филиалдарының әрекетсіздігі (мәліметке уәкілетті немесе жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік кіріс комитетінен және оның аумақтық органдарынан тиісінше мәліметтерге жылына бір реттен жйілетпей сұрау салады).
30. Уәкілетті органның бұйрығында немесе жергілікті атқарушы органның қаулысында куәліктің күшін тоқтатуға негіздеме болған себептерді жою үшін мерзім белгіленеді.
31. Куәлікт тоқтату мерзімі алты айдан аспайды.
32. Куәліктің қолданылуын тоқтатуға әкеп соқтырған себептерді уақытылы жойған жағдайда ол уәкілетті органның бұйрығы немесе жергілікті атқарушы органның қаулысы негізінде жаңартылады.
33. Куәлік мынадай жағдайларда қайтарылып алынады:
1) уәкілетті немесе жергілікті атқарушы орган белгілеген мерзімде куәлікті тоқтатуға негіздеме болған себептер жойылмаса;
2) құқықытық мирасқорлықты қарастырмайтын қайта құру кезінде немесе спорт федерациясы жойылғанда.
34. Уәкілетті немесе жергілікт атқарушы органның куәлікті тоқтату, қайта жаңарту және қайтарып алу туралы шешімі уәкілетті органның тиісті бұйрығымен немесе жергілікті атқарушы органның қаулысымен шығарылады.
35. Уәкілетті немесе жергілікті атқарушы орган тиісті шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде куәлікті тоқтатқаны, қайта жаңартқаны, қайтарылып алынғандығы туралы спорт федерациясына жазбаша хабарлама жібереді.
36. Уәкілетті немесе жергілікті атқарушы органның шешімімен келіспеген жағдайда сот тәртібімен шағым жасалады.
Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларына 1-қосымша
Нысан
Кiмге ____________________________________
(дене шынықтыру және спорт жөнiндегi
__________________________________________
уәкiлеттi және (немесе) жергілікті атқарушы орган
_______________________________________
басшысының лауазымы, тегi, аты, әкесінің аты)
Кiмнен ___________________________________
(cпорт федерациясы басшысының
____________________________________
немесе өкiлiнiң тегi, аты, әкесінің аты)
______________________________________
(мекенжайы, телефоны, электронды поштасы)
Аккредиттеуді өткізуге
ӨТIНIШ
Сiзден ________________________________________________________
(мәртебесі көрсетілген спорт федерациясының атауы)
_______________________________________________________________
аккредиттеу өткізуді сұраймын.
Өтiнiшке мынадай құжаттар қоса берiледi:
1) ____________________________________________________________
2) ____________________________________________________________
3) ____________________________________________________________
4) ____________________________________________________________
5) ____________________________________________________________
6) ____________________________________________________________
7) ____________________________________________________________
8)_____________________________________________________________
9)_____________________________________________________________
10)____________________________________________________________
11)____________________________________________________________
Мөр орны___________ _____________________________________
(қолы) (тегi, аты, әкесінің аты)
20__ жылғы «___» ___________________________________
Өтiнiштiң түскен күнi 20__ жылғы «___» _____________
________________________________________________
(өтінішті қабылдаған тұлғаның тегi, аты, әкесінің аты)
Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларына 2-қосымша
Нысан
Спорт федерациясын аккредиттeу туралы
КУӘЛIК
№
________________________________________________________________
(дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның атауы көрсетіледі)
____________________________________________________________
(мәртебесі көрсетілген спорт федерациясының атауы және заңды мекен жайы)
________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасы немесе облыс немесе республикалық маңызы
бар қала немесе астана көрсетіледі)
________________________________________________________________
(спорт түрі (түрлері) көрсетіледі)
дамыту бойынша өкiлеттiктерi мен құқықтарын растайды.
Куәлік 20__ жылғы «___» __________ дейін жарамды
Мөр орны___________ _____________________________________
(қолы) (уәкілетті органның немесе жергілікті
атқарушы органның басшысының тегi, аты, әкесінің аты)
Берiлген күнi:
Спорт федерацияларын аккредиттеу қағидаларына 3-қосымша
Нысан
Кiмге ____________________________________
(дене шынықтыру және спорт жөнiндегi
________________________________________
уәкiлеттi және (немесе) жергілікті атқарушы орган
_______________________________________
басшысының лауазымы, тегi, аты, әкесінің аты)
Кiмнен __________________________________
(cпорт федерациясы басшысының
____________________________________
немесе өкiлiнiң тегi, аты, әкесінің аты)
______________________________________
(мекенжайы, телефоны, электрондық поштасы)
Куәліктің телнұсқасын беру (қайта рәсімдеу) туралы
ӨТIНIШ
Сiзден ________________________________________________________
(мәртебесі көрсетілген спорт федерациясының атауы)
аккредиттеу туралы куәлігінің телнұсқасын беруді
(қайта рәсімдеуді) сұраймын.
Мөр орны___________ _____________________________________
(қолы) (тегi, аты, әкесінің аты)
20__ жылғы «___» ___________________________________
Өтiнiштiң түскен күнi 20__ жылғы «___» _____________
__________________________________________
(өтінішті қабылдаған тұлғаның тегi, аты, әкесінің аты)
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 16 қаңтардағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10095 болып енгізілді.