Еңбек 09 Сәуір, 2025

Еңбек нарығында белсенділік артты

80 рет
көрсетілді

Елімізде жұмыс күшіне деген сұраныс тұрақты түрде өсіп отыр. Биылдың бірінші тоқсанында hh.kz платформасында 120 мыңнан астам белсенді жұмыс орны ұсынылып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20%-ға көп болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

41 және 25 пайыз көрсеткішімен Алматы мен Астана бос жұмыс орнының саны бойынша көшбасшылық позицияны жалғастырып келеді. Жұмыс берушінің белсенділігі жоғары өңірлердің қатарына Қарағанды, Шымкент және Қостанай кірді. Басқа да қалаларда бос орындар саны айтарлықтай артты. Ұсыныс Астанада 34%-ға жетті, Шымкентте – 26%, Қостанайда – 22%, Алматыда – 17% өсім байқалды. Бос орындар саны Ақтөбеде 14%-ға, Атырау мен Оралда 7%-ға, Павлодар мен Өскеменде 6%-ға  біршама ұлғайды.

Жұмысшылардың жартысы алатын жалақы деңгейін көрсететіндіктен, медианды жалақы орташа жалақыға қарағанда еңбекті төлеудің объективті көрсеткіші болып саналады. Осы уақытта еліміз бойынша ұсынылып отырған медианды жалақы 308 088 теңгені құрады, яғни өткен жылмен салыстырғанда 12%-ға көтерілген. Менеджмент, маркетинг, стратегия, инвестиция және консалтинг салаларында жалақы едәуір жоғары. Барлық салаларда ұсынылған орташа жалақының өсуі байқалады.

Сондай-ақ бірінші тоқсанда HeadHunter платформасында 900 мыңнан астам (өткен жылмен салыстырғанда 62%-ға көп) түйіндеме жарияланған. Түйіндемелер әсіресе жұмысшы маман мен көлік саласы қызметкерлерінен көптеп түсуде, бұл осы салалардағы жұмыс орындарына сұраныс артқанын көрсетеді.