Оқиға 09 Сәуір, 2025

Балалар мінген автобус жол апатына ұшырады

259 рет
көрсетілді

Қосшы қаласында ішінде балалар отырған шағын автобус аялдамаға соғылған, деп жазады Egemen.kz.

Turkystan.kz хабарлауынша оқиға бүгін болған, 7 бала ауруханаға жеткізілген.

«9 сәуірде таңғы сағат 07:00-де Қосшы қаласының полиция бөліміне «Лесная поляна» тұрғын үй алқабындағы №2 үйдің қасында жол-көлік апаты болғаны туралы хабар түсіп, полицейлер шұғыл жеткен. «Ивеко» маркалы автобус пен «Тойота» маркалы шағын автобус соғылып, одан кейін «Тойота» автобусы аялдамаға соғылған. Ішінде 10 бала болған, жүргізуші оларды балабақшаға әкеле жатқан. 7 бала Астана қалалық ауруханасына жеткізілді», деді Полиция департаменті.

Жол-көлік апатының мән-жайы анықталып жатыр.