Заң 13 Сәуір, 2025

Жасөспірімдерге жан-жақты бақылау қажет

0 рет
көрсетілді

Көктем жасөспірімдердің түн мезгілдерінде үйге кіргісі келмей, кезбелік жасайтын қауіпті шағы.

Петропавлда полиция жедел-профилактикалық «Жасөспірім» іс-шарасын жүргізу барысында бір кеште ғана кәмелетке толмаған 34 баланың түн кезіп жүргенін анықтады. Ондайлардың біразы түннің біраз мезгілі бойы жұмыс істейтін кафелерде, түнгі клубтарда ұсталған.

Беймезгіл кезбелік жасау жасөспірімдерді жасалуы мүмкін қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға алып келетін негізгі факторлардың бірі.

Мұндайлардың ата-аналарына айыппұл салынады. 17 жастағы сондай баланың ісі сотқа жіберілді. Ол ұдайы сабаққа келмей және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған.

ПЕТРОПАВЛ