Оқиға 15 Сәуір, 2025

Елордада қосымша 1500 жұмыс орны ашылады

0 рет
көрсетілді

Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек Инвестициялық штаб отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның айтуынша, елорданың дамуы үшін жеке инвестицияларды тарту жұмыстары жалғастырылады.

«Бұл қала экономикасының орнықты дамуын қамтамасыз етіп қана қоймай, тұрақты жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Мысалы, 2024 жылы қала экономикасына 2 трлн теңгеге жуық инвестиция тартылды, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен артық», деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Сонымен қатар инвестициялық штаб отырысында инвесторлардың бірқатар ұсыныстары қаралды. Мысалы, олардың қатарында металл конструкцияларын өндіретін және теміржол көлігіне сервистік қызмет көрсететін зауыттың, жиһаз дайындайтын өндірістік кешеннің, медициналық қолғап шығаратын зауыттың құрылысы бар.

«Сондай-ақ, А+ класты көлік-логистикалық орталығын, 460 орындық балабақшаны, тыңайтқыштар мен пестицидтер өндіретін агрохимиялық кешенді және т.б. салуды қамтитын жобаларды қарастырдық. Жоғарыда аталған жобалар шамамен 1500 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Өңірлік инвестициялық штаб отырыстарын тұрақты негізде өткіземіз. Жауапты басқармаларға инвесторлармен тығыз жұмыс істеуді және оларға жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырдым», деп жазды қала әкімі.