• RUB:
    5.4
  • USD:
    473.15
  • EUR:
    515.12
Басты сайтқа өту
29 Маусым, 2010

СЫБАЙЛАСТЫҚПЕН КҮРЕСТІҢ АЯСЫ КЕҢЕЮДЕ

455 рет
көрсетілді

Бурабай кентіндегі “Оқжет­пес” шипажайында “Сыбай­лас­тыққа қарсы тұрудың халықара­лық механизмдері мен тетіктері” тақырыбында екі күндік кон­фе­ренция болып өтті. Оны Қазақ­стан республикасының эконо­ми­калық және сыбайлас жем­қор­лықпен күрес Агенттігі, ЕҚЫҰ-дың Астана қаласындағы Орта­лығы, БҰҰ даму Бағдарламасы және “Transparency KazacҺstan” қоғамдық Қоры ұйымдастырды. Халықаралық конференцияға әлемнің қырықтан астам елінің өкілдері қатысты. Делегаттар қатарында Германия, Армения, Белгия, Дания, Италия, Кения, Конго, Македония, Испания, Англия, Түркия және басқа мем­лекеттік белгілі қоғам қайрат­керлері, бизнес-ассоциациялар­дың, үкіметтік емес, халықара­лық және академиялық ұйым­дардың өкілдері болды. ҚР ЭСЖҚА Төрағасы Қайрат Қожамжаров конферен­цияны шақыруға түрткі болған жағдай халықаралық қауымдас­тықтың осынау кеселмен күрес­тегі мүдделестігі мен қазақстан­дық тәжірибеге қызығушылық­тан туындағанын атап өтті. Был­тырғы жылдың күзінде рес­пуб­лика Президенті Н.Назарбаев­тың қатысуымен шақырылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы конференцияда бағалы пікірлер ортаға салынды. Елбасы баста­масымен іске асырылып жатқан жаңа модель Еуропарламент депутаттарының назарына ұсы­нылды. Қазақстанда сыбайлас­тықпен күрестің әлемдік стан­дарттары қолданылатындығын БҰҰ-дың арнайы Конвенциясын мақұлдағанымызбен дәлелдеуге болады. Сондай-ақ, бүгінгі кон­ференция ортақ күрестегі ынты­мақты байланыстарымыз ны­ғайып, оны тежеудегі тегеуірінді тәсілдер қолға алынғандығын көрсетеді. ЕҚЫҰ Астанадағы өкілдігі­нің басшысы Александр Кель­чевский Қазақстан соңғы он жылда өзінің сыбайластықпен күрес заңдылықтарын әлемдік стандарттарға жақындатқанына назар аударды. Бұл біздің Ор­талық тарапынан үнемі қолдау тауып келеді. Сыбайластық мем­лекеттің беделіне нұқсан кел­тіреді. Халықаралық қауымдас­тық Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуелсіз кеңестің жұмыс істей бастауын жақсы тәжірибе санайды. Оның құрамына қазірдің өзінде 15 қоғамдық ұйым еніп отыр. БҰҰ даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілінің орынбасары Стелиана Недера осынау бағдарламаның біздің елімізде табысты жүзеге асыры­лып жатқанын сараптама дерек­термен атап көрсетті. Респуб­ликамызда 2009 жылы құрылған жұмыс тобы көптеген құнды ұсыныстарға жол ашқаны белгілі болды. “Transparency KazacҺstan” қоғамдық Қорының атқарушы директоры Сергей Злотников қолданылып жатқан шаралардың қайтарымын күшейту қажеттігіне тоқталды. Табиғи ресурстарға бай мемлекеттерде сыбайластық мүмкіндіктері де мол. Бүгінгі конференцияның Қазақстанда шақырылуы бұл елдің сыбайлас­тықтың теріс көріністерімен күресуде халықаралық процес­тер­ден шет қалмауды нысана санайтынын білдіреді. Күрес әрдайым ашықтығымен және қоғам мүшелерінің белсенді араласуымен пәрменді болмақ. Бұған қоса, экономикалық тар­тымды мемлекеттерге есірткі трафигі, адамдардың заңсыз көші-қоны және қару саудасы қауіп туғызады. Сондықтан, бүгінгі диалогта осы мәселелер айрықша назарда ұсталғаны жөн. Конференцияның пленарлық мәжілістері мен семинарларды Қазақстанның және басқа мем­лекеттердің тәжірибесі танысты­рылып, пікір алмасулар қызу түрде өрістеді. Бақберген АМАЛБЕК. Ақмола облысы.