• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
05 Мамыр, 2015

Мемлекет басшысы телефон арқылы Чехия президентімен сөйлесті

267 рет
көрсетілді

АСТАНА. 5 мамыр. Мемлекет басшысы телефон арқылы Чехия Республикасының президенті Милош Земанмен сөйлесті. Бұл туралы akorda.kz хабарлады. Милош Земан Нұрсұлтан Назарбаевты Президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтап, Қазақстан қолға алып жатқан ауқымды реформаларды жүзеге асыру ісінде табыс тіледі. Екі мемлекеттің көшбасшылары Чехия президентінің елімізге 2014 жылғы қарашада жасаған сапарының қорытындысын ескере отырып, екіжақты қарым-қатынасты дамытудың мүмкіндіктерін талқылады. Әңгімелесуге чехиялық тарап бастамашылық етті. Еламан Қоңыр. Дерек, сурет: akorda.kz.