Атырау облысында да қымбат көлікке үш саны бірдей немесе екі нөлі бар нөмірлерді тағып жүру сәнге айнала бастады. Тіпті, оның бағасы қымбат болса да, сатып алудан тартынбайтындар қатары көбейіп келеді. Әкімшілік полиция басқармасының бөлім басшысы Арман Аязғалиевтың айтуынша, былтырғы қазаннан бері атыраулықтарға 119 көлік нөмірі сатылыпты. Ал биылғы жыл басталысымен көлік иелері осындай 64 нөмірді сатып алуға қомақты қаржы жұмсаған.
Жалпы, үлкен сұраныс пен қызығушылыққа ие нөмірлерді сатудан бюджетке 21 миллион теңгеден астам қаржы түскен. Көлік иелерінің қызығушылығы 271 мың 554 теңгеге бағаланған – 111, 555, 888 және 451 мың 896 теңгелік – 001, 007 санды нөмірлерге ауып отыр.
Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,
«Егемен Қазақстан».
Атырау облысы.