• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Тамыз, 2015

Колумбияда әскери ұшақ апатқа ұшырап, 11 адам қаза тапты

314 рет
көрсетілді

АСТАНА. 1 тамыз. Колумбияда әскери ұшақтың апатқа ұшырауынан 11 адам қаза тапты. Бұл туралы 24.kz хабарлады. Әуе апаты ел астанасы Боготадан 600 шақырым жерде болды. Қаза тапқан 11 адамның 4-і офицер шеніндегілер. Колумбияның Қарулы күштері өкілдерінің айтуынша, ұшақ апатқа ұшырамас бұрын борт командирі диспетчерлік орталыққа қозғалтқыштың істен шыққаны туралы хабар берген. Қайғылы жағдайға байланысты ел президенті Хуан Мануэль Сантос жақынынан айырылған отбасыларға көңіл айтып, қаза тапқан адамдарды қаһарманға теңеді. Айта кетейік, жергілікті құқық қорғау қызметкерлері апаттың себебін анықтау үшін тергеу амалдарын бастады. Талғат Райымбек. Дерек, сурет: 24.kz.