• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
02 Тамыз, 2015

Теннис. Михаил Кукушкин Астанадағы турнирде топ жарды

212 рет
көрсетілді

АСТАНА. 2 тамыз. Бүгін Астанада теннистен Қазақстан Президентінің Кубогы үшін өткен халықаралық турнир аяқталды. Ол сында отандасымыз Михаил Кукушкин жеңімпаз атанды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Миша финалда ресейлік теннисші Евгений Донскоймен ойнады. Екі сетке созылған тартыс нәтижесінде қазақстандық 6:2, 6:2 есебімен басым түсті. Бұл турнирге Кукушкин нөмірі бірінші теннисші ретінде қатысқанын айта кетейік. Аталған сайыс хард төсеніште өткізілді. Оның жалпы жүлде қоры 100 мың АҚШ долларын құрады. Еламан Қоңыр. Дерек: egemen.kz. Сурет: ktf.kz.