АСТАНА. 2 тамыз. Үндістан мен Бангладеш жер телімдерін алмасты. Бұл туралы 24.kz хабарлады.
Құрлықтағы шекара жөніндегі келісімге екі елдің премьер-министрлері Нарендра Моди мен Шейх Хасина қол қойды. Соған сәйкес ресми Дели Даккаға 111 анклав беріп, оның орнына 51 анклав алды.
Нәтижесінде шекарада тұратын 50 мыңнан астам тұрғын азаматтық алу мүмкіндігіне қол жеткізді. Атап айтқанда, Бангладеш аумағында тұратын 15 мың тұрғын Үндістан азаматтығын алады. Ал Үндістанның 39 мың тұрғыны көрші мемлекеттің азаматы атанады.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: 24.kz.