АСТАНА. 3 тамыз. Нигерия армиясы елдің солтүстік-шығысында «Боко Харам» лаңкестік тобында кепілдікте болған 178 адамды құтқарды. Бұл туралы Channel News Asia хабарлады.
Кепілдіктен босатылғандардың 100-ден астамы балалар және 67-сі әйелдер. Құтқару операциясы Нигерия әскерінің Майдугури қаласы маңындағы елді мекенге баса-көктеп кіру кезінде жүзеге асты.
«Сонымен қатар, «Боко Харам» командирлерінің бірі қолға түсті. Қазір оған қатысты тергеу жұмыстары жүргізілуде», – дейді Нигерия армиясының өкілі.
Бұған дейін аталған лаңкестік топтың содырлары елдің солтүстік-шығысындағы Малари елді мекеніне шабуыл жасап, 13 тұрғынды өлтіргені туралы ақпарат тараған болатын.
Еламан Қоңыр.
Дерек: Channel News Asia.
Сурет: viewpointnigeria.com.