АСТАНА. 3 тамыз. Ресей ғарыш агенттігі Халықаралық ғарыш стансасының 45/46-сапарына ұшатын экипаж құрамын бекітті. Экспедиция 2 қыркүйекте «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшады деп жоспарлануда. Бұл туралы 24.kz хабарлады.
Бекітілген құжатқа сәйкес экипаж құрамы төмендегідей:
Негізгі экипаж
– «Союз ТМА-18М» КПК командирі, Ресей ғарыш агенттігінің ғарышкері Сергей Волков;
– 1-бортинженер, ЕКА астронавты Андреас Могенсен;
– 2-бортинженер, Қазақстан ғарыш агенттігінің ғарышкері Айдын Айымбетов.
Қосалқы экипаж
– командир, Ресей ғарыш агенттігінің ғарышкері Олег Скрипочка;
– 1-бортинженер, ЕКА астронавты Тома Песке;
– 2-бортинженер, Ресей ғарыш агенттігінің ғарышкері Сергей Прокопьев.
Қазіргі таңда экипаж мүшелері ұшуға дайындық курсынан өтуде. Жақын арада дайындық жұмыстары аяқталады.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: 24.kz.