АСТАНА. 3 тамыз. Ұлыбританияда мемлекеттік қызметкерлерге ағылшын тілінде еркін сөйлеуге міндеттейтін талап қойылатын болды. Бұл туралы BBC хабарлады.
Осыған орай Ұлыбритания үкіметі ағылшын тілін жетік білмейтін және халықпен емін-еркін сөйлесе алмайтын жандар бюджеттік мекемелерге жұмысқа тұра алмайтынын мәлімдеді. Бұл талап негізінен халықпен тығыз байланыста жұмыс жасайтын мамандарға қойылады.
Соған байланысты қыркүйек айынан бастап, денсаулық сақтау, жергілікті басқару сынды құрылымдардың мамандары ағылшын тілінен білім деңгейін анықтайтын емтихан тапсырады. Бұл сынақ мектеп бағдарламасындағы GCSE жүйесі бойынша жүргізіледі.
Сондай-ақ, әр мекеменің басшылары қол астындағы қызметкерлердің халықпен ағылшын тілінде еркін сөйлесе алатындығын тексеруге міндетті.
Еламан Қоңыр.
Дерек: BBC.
Сурет: peopleandcountries.com.