• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
06 Мамыр, 2015

Мемлекет үшін қажетті қадамдар жасалды

399 рет
көрсетілді

Қазақстанның бүгінге дейін қол жеткізген жетістіктері Елба­сының жүрер жолды, кездесуі мүм­кін әртүрлі ықпалдар мен оларды болдырмау шараларын алдын ала ұзақ мерзімді және тиімді, нақты бағдарлап-бағам­дауына тікелей байланысты. Бұл бағытта бізге жасақталып, жү­зеге асырылу үстіндегі мемле­кеттік бағдарламалар, жос­парлар жолбасшы болуда. Барша қазақстандықтар Мем­лекет басшысының тапсыр­ма­ларын өзара бірлікпен тиянақ­ты жүзеге асыру арқылы тәуел­сіз Қазақстанның дамуына, ондағы тұрақтылыққа қызмет етіп келеміз. Жаһандық экономи­ка­лық қиындықтармен қоса қабат өрбіп, әлемдік жойқын зардап­тарға соқтыруы мүмкін, қазір­дің өзінде ересектер тұрмақ, бала­лардың өзінің санасына қорқы­ныш ұялатып үлгерген түрлі тұрақсыздық иінінде Қазақстан таңдаған жол – бейбітшілік, ел ішінде және сыртқы көршілермен татулықты сақтау. Сыртқы саясатты осы бағытта ұстана оты­рып, ішкі мақсат-мүддеміз Отаны­мызды нығайта түсу, әлемдегі алдыңғы қатарда дамыған 30 елдің санатына енгізу болып табылады. Мемлекет басшысы Прези­денттік қызметке қайта сайлана салысымен, бұған дейін өзі бастамашы болған серпінді жоспарларын жүзеге асыруды екпінді түрде қолға алды. Оның бірі тез арада Қазақстан Республикасы Президенті жанынан Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның құрылуы болды. Бұдан жаһандық жағдайларға қатысты туындаған сын-қатердің алдын алу, сондай-ақ, еліміздегі «Нұрлы Жол» бағдарламасы мен «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасын жүзеге асырып, Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына жеткізу үшін бес халықтық реформаны жоғары деңгейде жүзеге асыру қажеттігі уақыт күттірмейтіндігін аңғардық. Құрамына білікті азаматтар енген комиссия бес институттық реформаны жүзеге асырушы мемлекеттік, қоғамдық және кәсіпкерлік секторының жұмысын үйлестіріп, бағыт беріп және қадағалап отыратын, сондай-ақ, қауіпсіздікті, тыныштық пен дамуды қамта­масыз ету жолындағы зор жұмыстардың бел ортасындағы қозғаушы тетік болмақ. Ауқымды міндеттерді құзырына алған аталмыш комиссияның құрылуы және Мемлекеттік құрылыстың одан арғы нақты 100 қадамының әзірленетіндігі – Қазақстан мемлекетінің болашағы үшін қажетті қадамдар. Бекбол БАЗАРБАЕВ, Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасының басшысы. АҚТАУ.