• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
06 Мамыр, 2015

Елбасы бастамалары әрдайым елді біріктіреді

260 рет
көрсетілді

Ұлықтау рәсімінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев еліміздің алдында тұрған бес ауқымды ішкі міндетті атап, ішкі тұрақтылығымыздың тірегі ретінде орта таптың үлесін еселеуге, бизнесті дамытуға, орта табысы бар азаматтар санын мей­­лінше көбейтуге ерекше тоқталды. Ынтымағы ырысты, бірлігі бекем еліміздің іскер азаматтары осы мерейлі міндетті бір­ауыздан қолдап, жаңа жұмыс орындарын құру арқылы тұр­ғындардың әл-ауқатын арттыру бағытында жұмыс жасауға әзір. Және де бұл міндетті іске асыруды кәсіптің көзін тез табатын оңтүстікқазақстандықтар ерекше мәртебе санайды. Бүгінде ұлысымыздың ұйыт­­қысы саналатын Оңтүстік Қазақ­стан облысында 180 мың­ға жуық шағын және орта кәсіп­керлік субъектілері жұмыс істеп тұр. Мұнан бөлек мемлекеттік қолдаудың аясында іске қосылып, жемісті жұмыс жасап жатқан компаниялар да жеткілікті. Диқандарымыз бау-бақша мен көкөніс өсіріп, оны баптауда өзге өңірлерден оқ бойы озып тұр. Алдағы жылдары елімізде өнім өндірушілердің басым бөлігі шағын және орта бизнеске тиесілі болуы қажет. Осы тұрғыдан алғанда Елбасы бастамалары әрдайым елді біріктіріп, орны бөлек орта тапты қалыптастыруға сүбелі үлес қосары сөзсіз. Шәріпбек ЖАМАЛБЕК, «ОҚО Азаматтық альянс» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы. Оңтүстік Қазақстан облысы.