ҚЫЗЫЛОРДА. 3 тамыз. Облыс көлемінде «Автобус» профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Аталған іс-шараның мақсаты – көлік жолдарында жолаушылар мен жүктерді тасымалдаумен айналысатын көлік жүргізушілері арасында көліктік тәртіпті арттыру. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Жүргізілген рейдтік жұмыстар барысында қоғамдық көлік жүргізушілер тарапынан 308 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелсе, көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалану дерегі бойынша – 67, тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқару дерегі бойынша – 4 заң бұзушылықтар тіркелген. Аталған құқық бұзушылықтарға орын берген қоғамдық көлік жүргізушілеріне әкімшілік хаттамалар толтырылып, 11 автобус айып алаңына жеткізілді.
Ержан Байтілес.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: elarna.com.