ҚЫЗЫЛОРДА. 3 тамыз. Аймақта қоғамдық тәртіпті сақтау мен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтың, әсіресе көлік құралын масаң күйде басқару деректерін анықтау, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жолын кесу мақсатында «Мас жүргізуші – қылмыскер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Іс-шара барысында Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің қызметкерлері жол қозғалысы ереже талаптарын бұзудың 2171 дерегін анықтады. Оның ішінде, көлік жүргізушілерінің белгіленген жүру жылдамдығын арттыру дерегі бойынша – 224, көлік құралын масаң күйде басқару дерегі бойынша – 35 құқық бұзушылық тіркелген. Орын алған барлық құқық бұзушылықтар бойынша тиісті әкімшілік шаралар қолданылды.
Ержан Байтілес.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: pdd-rk.kz.