ҚАРАҒАНДЫ. 6 мамыр. Бүгін Қарағандыда Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мерекесіне орай ХХV облыстық «Ардагерлер ән салады» атты соғыс және еңбек ардагерлері хор ұжымдарының фестивалі басталды. Бұл туралы eqemen.kz тілшісі хабарлады.
55-тен 96-ға дейінгі жас аралығындағы қарт өнерпаздардың байқауына облыстың барлық қалалары мен аудандарынан келген 21 хор ұжымы қатысуда. Барлық қатысушылардың саны 500-ге жуық.
Жастары ұлғайса да қосыла ән шырқауды сүйікті машық еткен жандар өз өнерлерін белгілі мәдениет ошақтарында көрсетеді. Фестивальдің салтанатты ашылу рәсімі кеншілер Мәдениет сарайында өтті.
Шара майдангерлермен « Ән салайық, достар» кездесу кешімен жалғасады.
Айқын Несіпбай.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: onmcdint.kz.