ОРАЛ. 6 мамыр. Оралда жергілікті «Такси сити» компаниясы қаладағы Ұлы Отан соғысы және Ленинград блокадасында аман қалған ардагерлерді тегін такси қызметімен қамтамасыз ететін болады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына орай «Такси сити» диспетчерлік қызметі басшылығы осы мәліметті хабарлаған болатын. Бұл ақысыз қызмет тек бір күнмен шектелмей, оралдық ардагерлер өмірінің соңына дейін жүзеге асатынын жеткізді. Қалалық әкімдіктің демеуімен бүгінде компания басшылығы тегін қызметке 175 ардагердің тізімін енгізді.
Темір Құсайын.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: uralsk.info.