АСТАНА. 6 мамыр. Мемлекет басшысы Украина президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Петр Порошенко екіжақты ынтымақтастықтың келешегі мен өзекті мәселелерін, соның ішінде Украина президентінің Астанаға сапарының ұйымдастырылуы жайын талқылады.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: akorda.kz.