• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт 12 Маусым, 2025

Волейболшылар жартылай финалға шықты

Ханойда (Вьетнам) волейболдан әйелдер құрамалары арасында өтіп жатқан AVC Ұлттар кубогінде Қазақстан өз тобындағы соңғы кездесуін  Филиппинмен өткізіп, 3:0 (25:21, 25:15, 25:19) көрсеткішімен жеңілді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Qazsporttv мәліметінше аталған нәтижеге Сана Анарқұлованың ойынға қатыспауы әсер етті. Еске салайық, волейболшы Иранмен өткен ойында жарақат алған еді.

Осылайша, В тобынан жартылай финалға Филиппин 13 ұпаймен бірінші, Қазақстан екінші орынмен жолдама алды.

Ұлттық құрама жартылай финалда турнир қожайындарымен кездеседі. Былтыр отандастарымыз дәл осы құрамаға финалда есе жіберген.

Соңғы жаңалықтар