Ғалам ғажаптары 17 Маусым, 2025

Қара шоколадтың құдіреті

30 рет
көрсетілді

Қара шоколадты тұрақты тұтыну адамның когнитивтік функцияларын жақсартып, жүйке жүйесінің қызметін күшейтеді.

Мұны 2017 жылы Жапониядағы Симанэ университетінің зерттеушілері дәлелдеген. Экспериментке қатысқан 20 адамның жартысы 70 пайыздық қою шоколад жесе, жартысы ақ шоколад жеген. Нәти­жесінде, қара шоколад тұтынған топта зейін қою мен есте сақтау қабілеті жақ­сарғаны байқалған. Сондай-ақ жүйке жасуша­ларының өсуіне ықпал ететін «NGF» деңгейі артқаны анықталған. Ал ақ шоко­лад тұтынған топта мұндай өзгеріс болмаған.

 

Дайындаған –

Айым КҮЗЕМБАЙ,

ЕҰУ-дың 3-курс студенті