Ауа райы 17 Маусым, 2025

Бүгін еліміздің кей өңірлерінде 44 градусқа дейін ыстық болады

40 рет
көрсетілді

Сейсенбі, 17 маусым күні Қазақстанда ауа райы ерекше ыстық болады. «Қазгидромет» мәліметінше, кей өңірлерде ауа температурасы +44 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астана – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде секундына 2-7 метр, күндіз 7-12 метр. Ауа температурасы түнде +19...+21, күндіз қатты ыстық +33...+35.

Алматы – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыстан секундына 3-8 метрге ауысады. Ауа температурасы түнде +20...+22, күндіз қатты ыстық +34...+36.

Шымкент – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соққан жел секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде +22...+24, күндіз қатты ыстық +39...+41.

Ақтау – құбылмалы бұлтты, түнде қысқа мерзімді жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші секундына 9-14 метр, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде +20...+22, күндіз +25...+27.

Ақтөбе – құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр, найзағай. Солтүстік-батыстан соғатын жел секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде +16...+18, күндіз +27...+29.

Атырау – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші түнде оңтүстік-батыстан секундына 3-8 метр, күндіз 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +28...+30.

Жезқазған – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан секундына 5-10 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде +22...+24, күндіз қатты ыстық +37...+39.

Қарағанды ​​– құбылмалы бұлтты, күндіз аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан секундына 7-12 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде +16...+18, күндіз +30...+32.

Көкшетау – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан секундына 7-12, күндіз екпіні 15 метрге жететін жел соғады. Ауа температурасы түнде +19...+21, күндіз қатты ыстық +34...+36.

Қонаев – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыстан секундына 9-14 метрге ауысады. Ауа температурасы түнде +20...+22, күндіз қатты ыстық +35...+37.

Қостанай – құбылмалы бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші секундына 9-14 метр, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде +20...+22, күндіз +30...+32.

Қызылорда – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан соғатын жел секундына 6-11 метр. Ауа температурасы түнде +24...+26, күндіз қатты ыстық +42...+44.

Павлодар – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соққан жел секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз қатты ыстық +33...+35.

Петропавл – құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай, бұрқасын. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші түнде секундына 9-14 метр, күндіз екпіні секундына 15-20 метр, екпіні секундына 25 метр. Ауа температурасы түнде +19...+21, күндіз қатты ыстық +33...+35.

Семей – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік, солтүстік-шығыстан соғатын жел секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде +17...+19, күндіз +32...+34.

Талдықорған – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан секундына 5-10 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде +15...+17, күндіз қатты ыстық +35...+37.

Тараз – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз қатты ыстық +35...+37.

Түркістан – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соққан жел секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде +25...+27, күндіз қатты ыстық +40...+42.

Орал – құбылмалы бұлтты, қысқа мерзімді жаңбыр, күн күркіреп, бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан соққан жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +15...+17, күндіз +26...+28.

Өскемен – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын жел секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде +16...+18, күндіз +30...+32.