АЛМАТЫ. 4 тамыз. «Сел жүргенде адамдар суға ағып кетіп, қайтыс болды» деп жалған ақпарат таратқан 25 жастағы алматылық жігіт қамауға алынды. Бұл туралы қалалық ішкі істер департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.
Жедел-іздестіру шараларының арқасында шындыққа жанаспайтын ақпарат таратқан азамат ұсталды. Тергеу жалғасуда. Ақпараттық-коммуникациялық желіні пайдаланып, қауесет тартатқан қылмыстық белгілері бар іс мұқият тексерілуде. Сондай-ақ, Алматы полициясы селге қатысты өзге де ақпарат тартушыларды іздестіруде.
Еске сала кетейік, әлеуметтік желілерде ұйық арасынан орта жасар әйелдің денесі табылды деген хабар таратылған. Соңынан полиция ол ақпараттың жалған екендігі туралы ресми түрде мәлімдеген.
Талғат Сүйінбай.
Дерек,сурет: egemen.kz.