ПЕТРОПАВЛ. 22 маусым. Әлемді шарлап шығуды мақсат етіп, 2500 шақырым жолды артта қалдырған ресейлік екі жиһанкер жолай Солтүстік Қазақстанға аялдады. Бұл туралы egemen тілшісі хабарлады.
Денис Туга мен Сергей Озимков Карелия Республикасының Петрозаводск қаласынан жаяу шығып, жол бойы әртүрлі көліктерді лаулап келіпті. Бастапқыда Қазақстан маршрут кестесінде болмапты. Омбылықтардың ақылымен Қызылжар өңірімен танысуды жөн көріпті.
«Әлемді саяхаттау біз ойлағаннан да әлеқайда күрделі болып шықты. Кейде 10 минут, кейде 2-3 сағат көлік тосуға тура келеді. Мәселен, Перьмге дейін 5 сағат уақыт жоғалттық.
Солтүстік Қазақстанға келгенімізге өкінбейміз. Жылы жүзді, кеңпейіл адамдар құшақ жая арсы алып, көмектесіп жатыр. Алда-Бурабай мен Астана», дейді жиханкездер.
Петропавлдықтар да оларды сыйлы қонақ ретінде төрге отырғызып, алыс жолға құрметтеп шығарып салды.
Қос жиханкез әлемнің барлық континенттерін аралауды ұйғарған. Ендігі бағыт – Монғолия мен Қытай. Экваторда қыстап шықпақ. Үш жылдың ішінде үйлеріне оралмақ.
Өмір Есқали.
Дерек, сурет: egemen.kz